Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Басқарма басшысы 134 млн теңге пара алған – ҰҚК

30.01.2026, 11:00 58

Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. ҰҚК мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы пара алу және лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілері бойынша күдікпен ұсталды.

Бұл туралы kazinform сайты хабарлады, деп жазады halyqline.kz тілшісі.

«Тергеу барысында оның жол құрылыс компаниялары мен автобус парктерінің өкілдерінен жалпы сомасы 134 млн теңге көлемінде заңсыз сыйақы алғаны анықталды. Тінту жүргізу кезінде күдіктінің тұрғын үйінен 121,9 млн теңге және 97,7 мың АҚШ доллары тәркіленді», – деп жазды ведомстводан.

Сонымен қатар осы өңірдегі білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол мұғалімдердің мемлекеттік аттестаттаудан өтуіне жәрдемдескені үшін жүйелі түрде ақшалай қаражат алып отырған деген күдікке ілінді.

Сот санкциясымен аталған тұлғалар қамауға алынды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Айта кетейік, ШҚО-да кәсіпкерлерге 140-қа жуық заңсыз тексеру жүргізілген.

Фото: Видеодан алынған скрин

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: