Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Басқа қызметке шығарып салды

13.01.2026, 16:20 42

HALYQLINE.KZ

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге орай актив отырысы өтіп, оған құқық қорғау органдары мен сала басшылары, қала, аудан әкімдері қатысты, деп жазады баспасөз қызметі.

Нұрлыбек Машбекұлы 2019 жылдан бері Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы лауазымын атқарып келген Дәулетова Ғалия Ноғайқызын басқа қызметке ауысуына байланысты құрметпен шығарып салды.

«Облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде қызмет еткен жылдарыңызда Сіз оқу-ағарту жүйесінде бірыңғай мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асуына, білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге және жетілдіруге зор үлес қостыңыз. Кәсіби біліктілігіңіз бен жауапкершілігіңіздің арқасында өңіріміздің білім саласы маңызды нәтижелерге қол жеткізді. Аймақтың дамуына сіңірген еңбегіңіз үшін ризашылығымызды білдіріп, жаңа қызметіңізде де жоғары жетістіктер, абырой мен сәттілік тілейміз, — деді аймақ басшысы.

Ғалия Ноғайқызы Абай атындағы Алматы мемлекеттік институтында «Тарих» мамандығы бойынша білім алған. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік және жергілікті басқару» магистрі.

Еңбек жолын Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінде бастаған. Әр жылдары Үкімет аппаратында, Білім және ғылым министрлігінде түрлі лауазымда болған.

Басқосуда Ғалия Ноғайқызына Сыр елінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды.

Өз кезегінде Ғ.Дәулетова әріптестеріне алғысын, туған жердің өсіп-өркендеуіне тілектестігін білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: