Бүгін Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек ауданның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан бірқатар ардагердің шаңырағына арнайы барып, мерекелік лебізін білдірді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.
Ізгі іс барысында аудан басшысы медицина саласының ардагері Үмітжан Сариева мен білім саласының ардагері Талмаш Жұмабаеваға жаңажылдық құттықтауын жеткізіп, ыстық ықыласын білдірді. Сондай-ақ еліміз бен ауданымыз жеткен жетістіктері аға буынның қажырлы еңбегінің нәтижесі екенін атап, шынайы алғысын жеткізді.
Сонымен қатар Жандос Еркінбек 100 жасқа келетін тыл ардагері Алмагүл Кенбаеваға арнайы барып, ғасыр жасаған ардагерге ерекше құрмет көрсетті. Ел тарихы жолында ұрпаққа өнеге болған қарияға мерекелік лебізін білдіріп, зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.
Кездесу барысында ардагерлер елге қызмет етіп жүрген азаматтарға ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!