Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауылдардағы құрылыс жұмыстарын көрді

29.12.2025, 9:45 40

HALYQLINE.KZ

Қазалы ауданының әкімі Алмасбек Есмаханов Ү.Түктібаев және Бекарыстан би ауылдарына барып, елді мекендерде жүргізіліп жатқан инфрақұрылым және құрылыс жұмыстарын көрді, деп жазады баспасөз қызметі.

Алдымен аудан әкімі аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен жүзеге асып жатқан Ү.Түктібаев ауылындағы электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын көрді. Ауылішілік электр желілерін жаңғырту жұмыстары жуық арада ғана басталған болатын. Жоба келер жылы толықтай аяқталады деп жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта нысан басына құрылыс материалдары жеткізіліп, 3 дана трансфоматор қондырғысы, 10 кВ әуе желісінің 70 және 0,4 кВ әуе желісінің 300 темір бетон бағаналары орнатылды.

Аудан басшысы мердігер мекеме «Қызылорда кірпіш зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысымен кездесіп, белгіленген жұмыстар сапалы әрі мерзімінде бітуі қажет екенін айтты.

Мұнан кейін Бекарыстан би ауылындағы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын бақылады. Қазіргі уақытта спорт кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Бүгінде кешеннің ішкі, сыртқы әрлеу, ауласына брусчатка төсеу сынды жұмыстар жасалуда. Мұндағы жұмыстар алдағы қаңтар айының ішінде толықтай аяқталмақ. Аудан басшысы салаға жауапты орынбасарына спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын күнделікті қадағалап, ешқандай кемшіліксіз, сапалы аяқталуын бақылауды тапсырды.

Айта кетейік, бүгінде елді мекендердегі электр желілерін жаңғырту бойынша Қазалы қаласы мен Қожабақы ауылында 2 жоба жүзеге асырылуда. Сонымен қатар Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы арасындағы жаңадан игерілген тұрғын кварталдарын сапалы әрі тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында қосалқы стансаның құрылысы жүруде.

Ал, спорт кешендері бойынша аудандағы Әйтеке би кенті мен Қожабақы ауылында «Ауыл ел – бесігі» жобасы аясында екі бірдей спорт кешені салынуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: