Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұрақты қоғам — дамудың басты кепілі

25.12.2025, 22:32 25

Ішкі саясат – мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік институттарды үйлестіруге, нығайтуға және қоғамдағы бірлікті сақтауға бағытталған аса маңызды стратегиялық сала.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылғы 5 қарашада «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды. Аталған құжатта еліміздің ішкі саясатын жүзеге асырудың негізгі қағидалары, басым бағыттары мен құндылықтары нақты айқындалған.

Бүгін Қызылорда қаласының әкімдігінде қоғамдық даму бөлімінің ұйымдастыруымен қорытынды жиын өткізілді. Жиынға қоғамдық даму бөлімімен байланысты салалардың өкілдері қатысып, қала әкімінің орынбасары Д. Абизов жүргізді.
Ділмұхамед Мнуарбекұлы сөз барысында ішкі саясат бөлімінің қаланың қоғамдық-саяси өміріндегі маңызына тоқталды.

Сонымен қатар, бірнеше сала өкілдеріне қала әкімінің алғысы мен сыйлықтары табысталды.

Жиынға қатысушылар ізгі тілектерін айтып, ел бірлігі мен қоғамдық тұрақтылықты нығайту бағытындағы жұмыстарды жүйелі жалғастыру қажеттігі туралы өздерінің ұсыныстарын айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: