Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жылды қорытындылау шарасы ұйымдастырылды

21.12.2025, 16:46 56

Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде медицина саласының жылды қорытындылауға арналған салтанатты шарасы ұйымдастырылды.

 Салтанатты шарада облыс әкімінің бірінші орынбасары Жаналинов Данияр Еренғалиұлы құттықтау сөз сөйлеп, ерекше еңбектерімен жылды қорытындылаған медицина қызметкерлерін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерi мен «Құрмет грамотасы» және облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады.

 Биыл аймағымыздың денсаулық саласы біршама жетістіктерге жетті. Ескі жылды аяқтауға жақын тұста, жаңа жыл қарсаңында 2025 жылы аймағымызда, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы атқарылған жұмыстарға тоқталып өткен Данияр Еренғалиұлы өз сөзінде: "Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Үкіметтің қолдауымен денсаулық сақтау саласын дамытуға, медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған кешенді шаралар Сыр Елінде де нәтижелі жүзеге асырылуда. Соңғы үш жылда облыстың денсаулық сақтау саласына барлығы 441 млрд. теңге (440 млрд. 700 млн. тг) қаржы бөлініп, халықтың сұранысына сәйкес түйткілді мәселелер шешімін табуда. Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңіріміздің барлық аудандарында 28 медициналық нысан салынды. Соңғы үш жылда 6 млрд. теңгеге 24 медициналық нысан күрделі жөндеуден өткізіліп, халықтың игілігіне жұмыс жасауда. Соңғы жылдары өңіріміздегі денсаулық сақтау мекемелеріне 15 млрд. теңгеге медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды. Жабдықталу деңгейі 2022 жылғы 83,2 пайыз болса, бүгінде бұл көрсеткіш 88,1 пайызға артты. Тұрғындардың сұранысына сәйкес облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы жедел жәрдем көлiгiмен 100 пайыз қамтамасыз етілді. Халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету үшін мамандарымыздың біліктілігін арттыру мәселесі ұдайы назарымызда. Халықаралық байланыстың артуы - болашақ тәжірибелі мамандар даярлауда зор үлесiн қосуда. Өткен жылы 15 дәрігер Түркияның жетекші медициналық клиникасында білімдерін жетілдірсе, биыл 41 медицина қызметкері Германия, Ресей, Литва, Беларусь елдеріндегі алдыңғы дәрігерлік клиникаларда өз біліктіліктерін арттырды. Алдағы уақытта да халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жобаларды қолдауға, медицина саласындағы ең маңызды мәселелерді шешу бағытындағы жұмыстарды Жаңа жылда жалғастыратын боламыз. Баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Келе жатқан жыл әрбір ісімізді оңынан оңғарсын", - деп iзгi тiлегiн бiлдiрдi. 

 Аймақтың бас дәрігері, медицина саласының ардагерлерi мен қызметкерлері қатысқан шара одан әрі концерттік бағдарламаға ұласты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: