Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қара бала, таяқ жейсің»: Шавкат Рахмонов Баклиге үн қатты

10.12.2025, 15:10 28

HALYQLINE.KZ

Естеріңізге салсақ, Хоакин Бакли провокациялық түрде Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырған еді, деп жазады penalty.kz.

Жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінің үшінші нөмірі Шавкат Рахмонов американдық Хоакин Баклидің әлеуметтік желіде жасаған провокациялық шақыруына жауап берді.

Instagram-дағы жазбасында Хоакин Шавкатты «Өзбекстанда тығылуды тоқтатып», жекпе-жекке келісімшартқа қол қоюға шақырған. Сонымен қатар ол қазақстандық файтердің мекеніне қатысты бірнеше қорлайтын сөз айтқан.

Рахмонов өзі Баклидің посты астындағы пікірге жазба қалдырды:

«Қара бала, таяқ жейсің», — деп жазды «Номад».

Айта кетейік, Хоакин Бакли өзінің соңғы кездесуінде 2025 жылдың маусымында Камару Усманнан төрешілердің бірауызды шешімімен жеңілген. Ал Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында ирландиялық файтер Иэн Гэрриді дәл осындай бірауызды шешіммен жеңген еді.

Мағжан УРУРОВ,

сарапшы, спорт журналисі

Фото: fighttime.ru

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: