Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада ЖИ-дің көмегімен 832 қылмыскер қолға түсті

28.11.2025, 9:35 99

Қызылордада қадағалаушы орган жүзеге асырып жатқан «IT TERGEU» және «Смарт білезік» жобалары нәтижелі екенін дәлелдеді, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.

Облыстық прокуратурадан хабарлағандай, аталған жобалардың арқасында қайта қылмыс жасау деңгейі 60%-ға, жалпы қылмыстылық көрсеткіші 6%-ға төмендеді. Ал қылмысты әшкерелеу көрсеткіші 3%-ға артып отыр.

— «IT TERGEU» жобасы жасанды интеллект мүмкіндіктерін қылмыстық процесте кеңінен қолдану арқылы қылмысты ашу тиімділігін және тергеу жеделдігін арттыруға бағытталған. Жоба іске асырылған 2024-2025 жылдар аралығында 832 қылмыскер құрықталып, іздеуде жүрген 33 қылмыскер ұсталды. Сондай-ақ 595 жоғалған адамның жүрген жері анықталды. 170 жасөспірім кезекші тәулікте ата-анасына табысталды, — делінген хабарламада.

Ал «Смарт білезік» жобасы электронды бақылау құралдарын қолдануды оңтайландыруға, сотталғандардың қайталап қылмыс жасауын болдырмауға және пробация қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттыруға негізделген. Облыстық прокуратурадан хабарлағандай, жоба іске қосылғалы есепте тұрғандардың қайтадан шалыс қадам жасауы 39%-ға азайды.

Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: