Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан мектептерінде жаппай зерттеу басталды

24.11.2025, 10:35 77

2025 жылдың 24 қарашасынан 5 желтоқсанына дейін Қазақстан бойынша халықаралық OECD «PISA for Schools» (Мектептерге арналған PISA) зерттеуі өтеді.

Бұл зерттеуге елдегі 1000 білім беру ұйымы мен 15 жасқа толған 40 мыңнан аса оқушы қатысады, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz интернет порталына сілтеме жасап.

Бұл зерттеу дәстүрлі PISA әдістемесіне негізделген және үш бағыт бойынша негізгі дағдыларды бағалайды: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және жаратылыстану сауаттылығы. Ол әрбір білім беру ұйымы деңгейінде сыртқы бағалаудың жан-жақты көрінісін ұсынады және оқушылардың академиялық жетістігіне әсер ететін факторларды анықтауға мүмкіндік береді.

«PISA for Schools – жыл сайын өткізілетін зерттеу. Дәстүрлі PISA-дан айырмашылығы – мұнда бағалау әр мектеп деңгейінде жүргізіледі. Зерттеу қорытындысы бойынша мектеп басшылығына арнайы есеп ұсынылады. Бұл есеп білім ұйымдарына өздерінің мықты және әлсіз тұстарын көріп, оқыту сапасын арттыру үшін тиімді шаралар қабылдауға мүмкіндік береді», – деді Білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Аширов.

Мектептерге арналған PISA зерттеуін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (OECD) өткізеді. 2021-2024 жылдар аралығында бұл зерттеуге еліміздегі 3000-нан астам білім беру ұйымы қатысқан. Қазақстандағы зерттеу үйлестірушісі – А.Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық білімді зерттеу және бағалау орталығы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: