Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қыс-2025» оқу-жаттығуы өтті

20.11.2025, 17:05 114

HALYQLINE.KZ

Бүгін Жалағаш ауданында «Қыс-2025» облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуы ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Әліби Байнахатов қатысып, ұйымдастыру барысымен танысты. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты қыс мезгілінде туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ азаматтық қорғау құрылымдары мен қызметтердің дайындық деңгейін тексеріп, іс-қимылдарын жетілдіру болды. Осы мақсатта саптық байқау өткізіліп, техникалар мен жеке құрамның дайындығы пысықталды.

Іс-шара аясында авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау құрамалары төтенше жағдайлар кезінде атқаратын нақты іс-әрекеттерін арнайы-тактикалық жаттығу арқылы көрсетті.

Жаттығуға барлығы 60 техника және 168 қызметкер жұмылдырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: