Байқоңыр қалалық сотына талап қоюшы П. кәмелет жасына толғаннан кейін өзіне тиесілі алимент тоқтаған соң, оқып жүрген уақытына әкесінен, яғни жауапкер Б.-дан өзінің оқып жүрген уақытына алимент өндіру туралы талап қоюымен жүгінді.
Тараптарға дауды татуластыру рәсімдерінің көмегімен реттеу жөніндегі құқықтары түсіндірілді. Нәтижесінде, тараптар дау бойынша өзара келісімге келді.
Келісімге сәйкес, жауапкер талап қоюшыға қазан айына 30000 теңге, ал 2029 жылдың 30 маусымына дейін ай сайын 100 000 теңге алимент төлеп отыруға міндеттелді.
Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы медиациялық келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!