Түркістан қаласында қазақ күресінен даңқты балуан, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған ересектер арасында қазақ күресінен Әлем кубогі өтті.
Бұл додаға 13 елден келген 100-ге жуық балуан 8 салмақ дәрежесі бойынша боз кілемде бақ сынасты.
Соның ішінде Қызылорда облысының намысын қорғанған балуандарымыз бір күміс, бір қола медаль жеңіп алды.
Жарыс нәтижесі бойынша:
55 кг салмақ дәрежесінде Руслан Теміржан — ІІІ орын
90 кг салмақ дәрежесінде Еңбек Сақтағанов — ІІ орын
Жаттықтырушысы: ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Болат Кенеев.
Спортшыларымызды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!
@Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!