Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Болонь плащ кидіңіз бе?

23.10.2025, 14:00 185

HALYQLINE.KZ

Болонь плащ СССР-де 1962 жылдың күзінде пайда болды. Бұл астары жоқ, жұқа капроннан тігілген плащ еді.

Алғаш рет Москва кинотеатрларында басты рольде француз киножұлдызы Ален Делон ойнаған «Рокки және оның інілері» фильмі көрсетілген соң сәнге айналып, жастар жаппай киіне бастады.

Ең көп тарағаны жасыл түсті плащ болды. Бұдан басқа көк және сұры түсі таптыра бермейтінін нағашы ағам айтып отыратын. Біздер ол кезде бастауыш сыныпта оқитын едік. Біздер болонь плащ кимегенмен, ақ нейлон көйлек кидік.

Плащ күзде және көктемде желден және жаңбырдан қорғады (дождевик деп те атады).

Плащтың болонь деп аталу себебі Италияның Болонь қаласындағы киім фабрикасы ойлап шығарған еді.

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: