Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үлгілі тұрғын үй анықталды

20.10.2025, 19:25 119

Қызылорда қаласының әкімдігі мен Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп, өрттің алдын алу шараларына белсене атсалысып жүрген тұрғындарды көтермелеу мақсатында көпқабатты тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігі жағдайына мониторинг жүргізе отырып, «Үлгілі үй» іс-шарасын ұйымдастырды.

Мақсат — тұрғын үйде өртті болдырмау және қауіпсіздік мәдениетін жоғарылату болып табылады.

Аталған іс-шарада «Үлгілі үй» ретінде қала аумағындағы 6 көпқабатты тұрғын үй анықталып, меншік иелеріне Қызылорда қаласы әкімінің арнайы алғыс хаты мен сыйлықтар табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: