Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда қанша күн демалады

20.10.2025, 16:20 143

Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуға жақын. Күзгі каникул кезеңі биыл 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғанда жеті күнге созылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне HALYQLINE.KZ ақпараттық сайты сілтеме жасап хабарлайды.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады.
Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды:

•    «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде «Демалыста кітап оқимыз» іс-шарасы;

•    «Буллингтен қорған!» қауіпсіздік сабағы;

•    «Мектеп театрының» жұмысын ұйымдастыру ұсынылады.

«Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып отыр. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу іс-шараларына, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшеде қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет», – делінген министрлік хабарламасында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: