Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қуанышты жаңалық, Қызылорда!

09.10.2025, 16:37 151

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Ақтау қаласында 6-9 қазан күндері өткен «TurkicSkills – 2025» халықаралық шеберлік чемпионатында ерекше жеңіс тіркелді!

Түркі мемлекеттері арасындағы бұл алғашқы ауқымды чемпионатта 70 қатысушы мен 90 сарапшы бақ сынады. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Венгрия, Бельгия, Әзірбайжан елдерінен келген үздіктер бас қосты.

Қазақ елінің атынан қатысқан Қызылорда қаласындағы «Абылай хан» атындағы жоғары колледждің студенті – Абдуллаева Жансая Абдуллақызы «Сән технологиясы» құзыреті бойынша алтын медаль жеңіп алып, еліміздің абыройын асқақтатты!

Жансая бұған дейін де:
“WorldSkills Kazakhstan – 2025” ұлттық чемпионатының жеңімпазы атанды
Данияда өткен «EuroSkills – 2025» халықаралық сайысында жоғары нәтиже көрсетті

Ол – нағыз кәсіби шеберліктің, табандылық пен еңбектің үлгісі!

Бұл жеңіс – тек Жансаяның емес, бүкіл Қызылорданың, Қазақстанның жеңісі! Еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамып, жаңа биіктерге қадам басып жатқанын дәлелдейтін жарқын жетістік.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: