Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ҰБТ-да үлкен өзгерістер күтіледі

29.09.2025, 15:00 245

HALYQLINE.KZ

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ форматын түбегейлі жаңарту жоспарын таныстырды.

2026 жылы өзгеріс болмайды. Жаңа үлгі 5 жыл ішінде кезең-кезеңімен енгізіледі.

Қазақстандық мамандар ETS (SAT, TOEFL жасаған ұйым) базасында оқудан өтуде. Олардың көмегімен халықаралық стандарттарға сай әдістеме әзірленбек.

Жаңа форматта білім ғана емес, сыни ойлау мен психологиялық ерекшеліктер де бағаланады.

Министр «Жүйені дұрыс іске асырсақ, түлектеріміз ҰБТ сертификатымен әлемнің кез келген университетіне түсе алады» дейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: