Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұрғын үйлерге жылу беріле бастады

22.09.2025, 15:30 167

Павлодар қаласы әкімінің қаулысы негізінде 22 қыркүйектен бастап облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлерді орталық жылу жүйесіне кезең-кезеңімен қосу басталды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.

  • Ең алдымен, жылу бекітілген кестеге сәйкес жылуды қабылдауға толық дайын үйлерге беріледі. Бұл үдеріс бүкіл қала бойынша жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін біртіндеп жүргізіледі, — деп хабарлады «Павлодарэнерго» компаниясынан.

Бұған дейін Павлодар қаласында әлеуметтік мекемелер 10 қыркүйектен бастап орталық жылу көзіне қосыла бастағанын хабарлағанбыз. Шаһарда 300-ге жуық әлеуметтік мекеме орналасқан.

Екібастұз қаласындағы жер үйлерге де жылу сол уақыттан беріле бастаған.

Фото: ШҚО Ақпарат орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: