Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Айдос Сұлтанғали — әлем чемпионы

21.09.2025, 10:09 237

Сыр елінің мақтанышы Айдос Сұлтанғали тарихи жетістікке қол жеткізді!

Хорватия астанасы Загреб қаласында грек-рим күресінен өткен ересектер арасындағы Әлем чемпионатында 60 кг салмақ дәрежесінде боз кілемде тартысты белдесу өткізген жерлесіміз, Сыр елінің мақтанышы, екі дүркін әлем чемпионатының қола жүлдегері Айдос Сұлтанғали 26 жылдан кейін ересектер арасындағы Әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды.

Мақтанышымыз Айдос Сұлтанғали алғашқы белдесуде америкалық балуанды ойсырата ұтса, екінші кездесуде кореялық қарсыласын айқын басымдықпен тізе бүктірді. Ал жартылай финалда грузиялық балуан Амиран Чавадземен күш сынасып, өз мықтылығын әлемдік аренада тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ақтық сында Айдос Сұлтанғали өзбек балуаны Алишер Ганиевті 8:0 есебімен айқын басымдықта жеңіп, 1999 жылдан бері алғаш рет ел қоржынына алтын салды.

Айдостың бұл жеңісі – Сыр спортының абыройын асқақтатқан үлкен жетістік, барша халқымыздың мерейін үстем еткен тарихи оқиға!

Құрметті сырбойылықтар, тарихи жеңіс баршаңызға құтты болсын!

@Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: