Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жәнібек сүйінші жаңалығын жеткізді

09.09.2025, 10:22 240

Кәсіпқой бокстың жұлдызы, орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне қуанышты жаңалығын бөлісті. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында келісімшарттың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

«Шешіліп қалды! Келісімшарт 2–3 күнде біту керек! Осы апта жариялайтын шығар! Зор жаңалық болады бұйыртса!» – деп жазды Әлімханұлы.

Бұған дейін белгілі бокс инсайдері Бернардо Пилатти WBO/IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен WBC белбеуінің иегері Карлос Адамес арасындағы біріктіру жекпе-жегі 2025 жылдың соңына қарай өтетінін болжаған еді.

Айта кетейік, Жәнібектің соңғы жекпе-жегі биыл сәуір айында Астанада өтті. Ол кезде қазақстандық боксшы француз спортшысы Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: