Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада жаңа туған сәбиді тікұшақпен ауруханаға жеткізді

07.09.2025, 1:05 246

Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» ұшқыштары жаңа туған сәбиді ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz интернет порталына сілтеме жасап.

ТЖМ әуе кемесінің экипажы Қармақшы ауданы Төретам елді мекенінен Қызылорда қаласына жаңа туған сәбиді эвакуациялауды жедел орындаған.

“Жаңа туған сәбиді шұғыл ауруханаға жеткізу қажет болды. Медициналық бригаданың және ұшқыштар Назель Нұрғалиева мен Бейсенғали Тоғызбаевтың үйлесімді жұмысының арқасында жаңа туылған сәби медициналық мекемеге қауіпсіз әрі жылдам жеткізілді, онда оған қажетті көмек көрсетілді”, — деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: