Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Таза Қазақстан»: Қармақшы ауданында бірқатар жоба жүзеге асырылуда

18.08.2025, 18:25 679

HALYQLINE.KZ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Негізгі міндеттердің бірі – экологиялық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды дамыту. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы – уақытша науқан емес, осындай игі іс-шаралардың арқасында қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Мұны туған елге деген сүйіспеншілік, жанашырлық деуге болады. Ұлттың жаңа сапасы осындай нақты іс-шаралар арқылы қалыптасады» деп атап өткен болатын.

Биыл облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен Қармақшы ауданының Жосалы және Төретам кенттерінде орналасқан теміржол вокзалы ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жоба аясында ғимарат іргетасы мен қабырғалары нығайтылып, шатыр, есік-терезелер толық жаңартылып, жолаушыларға арналған күту залдары заманауи стандарттарға сай жабдықталады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қолжетімділік элементтері мен қауіпсіздік жүйелері орнатылады. Сонымен қатар, вокзал маңын көгалдандыру және брусчатка төсеу жұмыстары да қарастырылған.

Бұл жұмыстар тұрғындарға сапалы қызмет көрсету, өңіріміздің инфрақұрылымын жақсарту және жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, аудан орталығының Жосалы кенті және ауданға қарасты елді мекендерде тұрғындардың ұсыныс-талаптары назарға алынып, орталық алаңдарды қайта жөндеу, қоғамдық орындарды абаттандыру, ойын және шағын футбол алаңдарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобалар ауылдық елді мекендердің көркеюуіне, балалар мен жасөспірімдердің спортпен айналысуына, бос уақытын тиімді өткізуіне өз септігін тигізуде.

Бұдан бөлек, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында өңірдің барлық елді мекенінде санитарлық тазарту, көркейту-көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Жыл басынан бері облыс көлемінде тазалық шараларына барлығы 211 мыңнан аса (211 663) ерікті, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты.

Нәтижесімен 9 мың тоннадан (9 073) астам қоқыс қалдықтары шығарылып, елді мекендердегі 490 сквер мен парктер, 239 тарихи-мәдени ескерткіштер, 1019 әлеуметтік нысандар (мектептер, балабақшалар, спорт, денсаулық сақтау және т.б.), 2 888 өнеркәсіп және бизнес нысандары, 60 су объектісі (өзендер, көлдер, жасанды су айдындары, субұрқақтар, арықтар және т.б) мен 24 624 көшенің бойы (4 525 көпқабатты үйлер мен 20 099 жер үйлердің аулалары) тазартылды. Оған 540-тан аса техника (548) жұмылдырылды.

Облыс бойынша 240 700 дана өңірдің климатына сәйкес жерсінетін қарағаш, терек және Сыр талының көшеттері егілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: