Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Абай жолы – дара жол

12.08.2025, 9:10 167

HALYQLINE.KZ

Сырдария ауданы әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ауқымды іс-шара өтті. Оған ауданның зиялы қауым өкілдері мен тұрғындары қатысты. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Аудан басшысы кемеңгер тұлға ел тарихында өшпес із қалдырғанын атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Хакім Абай – ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде Абай өсиетінің маңызы зор. Адал азамат ұғымы ұлы ақынның «толық адам» тұжырымынан бастау алады. Біз Абай мұрасын насихаттауды жалғастыра береміз» деп атап өтті. «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген дана ақынның бірлігі дәл қазір бізге керек. Тәуелсіз елімізді әрі қарай өркендету жолындағы жасампаз істерімізде ауызбіршілігіміз бір болса, ісіміз де берекелі, нәтижелі болмақ. Кемеңгер ақынның ойлы сөздері бүгінгі күні де өзекті екенін мойындау қажет. Осыдан ғасырдан астам уақыт бұрын Абай айтқан қоғам дамуының қозғаушы негізгі күштері – еңбек, бірлік, кәсіп, сауда, өнер-білім туралы ой-тұжырымдары Тәуелсіз Қазақстанның жаңару жолындағы аса маңызды факторлар екені даусыз. Өзі өмір сүрген дәуірде ғана емес, үшінші мыңжылдықтың жаңа ғасырында да мәні зор, мағынасы терең ақынның поэзиясы мен қара сөздері әлемнің 60-тан астам тіліне аударылған. Тек қазақтың ғана емес, адамзаттың ардағына айналған ұлы Абайдың асыл мұрасы – бәріміздің рухани азығымыз. Абай мұрасы – мәңгілік! — деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Іс-шара барысында Абай оқулары байқауының жеңімпаздары марапатталды. Ауданның көркемөнерпаздары арнайы қойылым қойып, әндерін шырқады және Абай бейнесін сомдады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: