Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ароматное сердце» атты фильмнің жабық көрсетілімі өтеді

06.08.2025, 9:45 259

HALYQLINE.KZ

ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

Бүгін, 6 тамыз күні, «Жібек жолы» кинотеатрында «Ароматное сердце» атты фильмнің жабық көрсетілімі өтеді.

Арнайы осы іс-шараға орай қаламызға елімізге белгілі продюсерлер Саин Габдуллин мен Боранбаев Арман келіп отыр. Олар – Қазақстан киноиндустриясында әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын жобаларымен танымал кәсіби тұлғалар.

«Ароматное сердце» фильмі – отбасылық зорлық-зомбылық, балалар арасындағы буллинг, жалғызбасты әйелдердің тағдыры секілді маңызды мәселелерге арналған терең туынды. Көрсетілімге кәсіпкерлер, меценаттар, қоғамдық қор өкілдері мен мемлекеттік орган жетекшілері шақырылды.

Фильм авторларына және түсірілім тобына осындай әлеуметтік маңызы зор жобаны жүзеге асырғандары үшін алғысымызды білдіреміз. Ертең бұл фильмнің мазмұны туралы толық мәліметпен бөлісеміз. Фильм расында да қоғамға оң өзгеріс әкелетін дүние ме – соны бірге көреміз.

«Ароматное сердце» фильмі 21-28 тамыз аралығында еліміздегі «Кинопарк» кинотеатрлар желісінде ресми түрде прокатқа шығады.

Жаңалықтарымызды қалт жібермеңіздер!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: