Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мекеме қызметкері жеңіс тұғырынан көрінді

24.07.2025, 16:35 165

HALYQLINE.KZ

Бақ пен бап қатар сыналатын байрақты бәсекеде биіктен көріну – абырой. Осы ретте, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің қызметкері Асхат Қожабеков республикалық деңгейдегі самбо күресіне қатысып, сенім үдесінен шықты. Белдесуде белі бүгілмей, шаршы алаңда топ жарғаны – табандылығынан. Сондықтан, еншісіне бірінші орын бұйырғанын мақтанышпен айтамыз.

– Қолым қалт еткенде жаттығу жасап, спортпен шұғылдануға тырысамын. Дзюдоға да қатысқаным бар. Дода жайына келсек, қарсыластырым мықты болды. Бірақ, мені жеңіске деген талпынысым алға жетеледі. Оған қоса, ұжымның қолдауы мен маған артқан сенімін сезінгенде қалайша осал болайын? Мекеме басшылығына алғыс білдіремін, — деді әділет қатарындағы Асхат Қожабеков.

ҚАЖД бастығы, әділет полковнигі Шаймерден Есенкелдиев Көкшетаудан жеңіспен оралған мекеме қызметкерін арнайы қабылдап, құттықтауын білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: