Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тазалыққа үлес қосқан тұрғындарға алғысын білдірді

19.07.2025, 11:05 917

HALYQLINE.KZ

Бүгін Шиелі ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Сенбілік барысында аудан әкімі Айтбай Насриддинұлы бірқатар нысанды аралап, тазалыққа үлес қосқан тұрғындарға алғысын білдіріп, қоршаған ортаға жанашырлық танытудың маңызын атап өтті.

Сенбілік аясында аудан орталығындағы көшелер мен саябақтар, арық-атыздар тазартылып, арам шөптер шабылды. Жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы техникалармен шығарылып, тиісті орындарға жеткізілді.

⠀Бұл тазалық жұмыстарына аудан орталығы ғана емес, барлық ауылдық округтің тұрғындары да белсене қатысып, бірлік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: