Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мерекелік кеш өтті

07.07.2025, 0:22 182

Қ.Қазантаев атындағы Жалағаш аудандық мәдениет үйінде Ұлттық домбыра күніне орай мерекелік концерт өтті.

Домбыра – халқымыздың рухани қазынасы, ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігі. Осы киелі мұраға арналған мерекелік кеште ауданның өнерпаздары көрермендерге керемет көңіл күй сыйлады.

Сахна төрінде ауданның талантты әншілері мен өнер ұжымдары ұлттық ән-күйлерден шашу шашты. Домбыраның күмбірлеген үнімен қатар, халық әндері шырқалып, әсерлі билер нақышына келтіріліп орындалды. Өнерпаздар белгілі күйлерді орындап, ұлттық өнердің жауһарларын жаңғыртты.

Кеш барысында көрермендер халықтық туындыларды ерекше ықыласпен қабылдап, әрбір нөмірді зор қошеметпен қарсы алды. Әсіресе домбырамен сүйемелденген термелер мен шертпе күйлер көрермендерді тәнті етті.

@Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: