Журналистика – шындық пен уақыт арасын жалғайтын тарих. Бүгіннің сөзін ертеңге аман жеткізетін дәнекер, билік пен қарапайым халық арасын байланыстырушы. Сол себепті де бұл қауым туралы айтылған оқшау ой, дәйексөз көп. Осы орайда 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арнап БАҚ, журналистика туралы он афоризм даярлаған едік.
1. «Журналист – халық пен биліктің арасындағы көпір. Бұл көпір қираса, қоғам тұманданады». – Шерхан Мұртаза
2. «Факт – киелі, пікір – еркін». — Си Пи Скотт
3. «Журналистика – шындық пен билік арасындағы майдан алаңы». — Сейдахмет Құттықадам
4. «Баспасөз – адамның санасын оятатын ең тиімді құрал». — Томас Джефферсон
5. «Журналист – елдің көзі, құлағы, тілі. Қалам ұстаған адам соған лайық болуы керек». — Сапар Байжанов
6. «Журналистика – біреулер жария еткісі келмейтін нәрсені айту. Қалғанының бәрі – жарнама». — Джордж Оруэлл
7. «Қорықпастан, жақтаусыз жазу – нағыз журналистика». — The New York Times ұраны
8. «Журналистика – тарихтың алғашқы қара нұсқасы». — Филип Грэм
9. «Журналистика қоғамға әсер ету үшін қажет. Нәтиже шығаруға тиіс». — Анас Аремеяу Анас
10. «Журналистің міндеті – шындықты айту. Ауыр болса да». — Рышард Капушинский
Коллаж: egemen.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!