Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әкімдік отырысында қандай мәселе көтерілді?

30.05.2025, 9:10 281

HALYQLINE.KZ

Кеше Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Қасымхан Асанұлы, кент және ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары мен меншік түріне қарамастан мекеме басшылары қатысты. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бірінші мәселе – 2024-2025 оқу жылын аяқтау және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру шаралары туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Еркебұлан Жақып хабарлама жасады. Ағымдағы жылы жазғы каникул кезеңінде бекітілген жоспарға сәйкес балаларды сауықтыру демалысымен қамту, қорытынды емтиханға дайындық жұмыстары және жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігі туралы ақпарат берді.

Екінші мәселе – Денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық аурухананың бас дәрігері Жалғас Үсенов баяндады. Аудандық аурухана құрамында ауысымына 250 адам қабылдайтын аудандық емхана, 10 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік бекет, 1 медициналық бекет жұмыс істеуде. Сонымен қатар, Тереңөзек кентінде орналасқан ауруханаға қарасты 6000 шаршы метр болатын физиатерапия ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіліп, 60 төсек орын паллиативтік медициналық көмек көрсету бөлімшесі ел игілігіне берілгенін атап өтті.

Үшінші мәселе – Қоғалыкөл ауылдық округіндегі атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер туралы ауылдық округ әкімі Бақытжан Рақымбеков хабарлама жасады. Елді мекенде өткен жылы бірқатар жоба іске асқан. Атап айтқанда, «Қызылорда-Әуежай-Қоғалыкөл-Шіркейлі» бағытындағы 10,2 шақырым тасжолына орташа жөндеуге мердігер «Қызылорда Жолдары» ЖШС анықталып, бүгінгі таңда жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. О.Садықұлы көшесінің бойына құны 7 млн 280 мың теңге спорттық ойын алаңы салынды. Сонымен қатар, елді мекенді газдандыру бойынша демеушілік есебінен жобалық-сметалық құжаттар әзірленді.

Аудан басшысы жазғы демалыс уақытында балалардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында барлық үйірменің тұрақты жұмыс істеуін жеткізді. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары мен төтенше жағдайлар бөліміне жазғы каникул кезінде балалардың қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Аудандық емхананың бас дәрігеріне аудандағы барлық медицина нысандарының тазалығымен қатар күтіп-ұстау жұмыстарын жүйелі жүргізуді атап өтті. Сондай-ақ, Қоғалыкөлде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында жаңа жобаларды ұсынуды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: