HALYQLINE.KZ Байрақ – жауынгерлік рух пен айбынды абыройдың айнымас белгісі. Бір тудың астына біріккен халық бірлікке бекем болары хақ. Сондықтан тудың рухты көтерер, көкейден орын алар қуаты бәрімізге құнды. Қазақтың көк туын табу мен қабылдау жас мемлекетке оңайға түспеді. Халықтың көңілінен шығу қиынның қиыны. Massaget.kz сайты келтірген деректерге сүйене отырып, Тудың комиссияға келіп түскен бірнеше үлгісін назарларыңызға ұсынамыз.
Мемлекеттік рәміздерді жасау мен қабылдау уақыты 1992 жылға келеді. Осы жылдың басында Жоғарғы Кеңес президиумының жаңа мемлекеттік символиканы дайындау бойынша жұмыс тобын құру туралы қаулысы шықты. Әсіресе, Туға деген талас көп болған көрінеді. Егер елтаңбаның жобасына 245 адам, Әнұранға 750 адам қатысса, ал туға 600 адамнан 1200 үлгі келіп түскен.
Олардың арасында ТМД елдерінен, Германия мен Түркия, Моңғолиядан да қатысушылар болған. Мемлекеттің туға үлгі ретінде өткізілген нұсқаларға көз жүгіртсек, олардың әртүрлі болғанын байқауға болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!