Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Екпінді ауылында мәдениет үйі салынуда

02.05.2025, 17:50 298

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың бастамасымен Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 100 орынды мәдениет үйінің құрылысы жүруде. Бүгінгі таңда бірінші және екінші қабаттарының сыртқы және ішкі қабырғаларын кірпішпен қалау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгін аудан әкімі Мажит Самитов құрылыс басына барып, жұмыс барысын қадағалады. Ауыл тұрғындарының көптен күткен нысаны болғандықтан, сапасы ұдайы бақылауда болатынын жауаптыларға ескертті.

Екпінді ауылындағы мәдениет үйі екі қабаттан тұрады. Құрылыс жұмыстары 2025 жылы қазан айында аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: