Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада қайырымдылық концерті өтті

18.03.2025, 9:50 56

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында облыстық филармониясы симфония оркестрінің жанынан құрылған ішекті аспаптар квартеті облыстық мүгедектерге арналған «Талсуат» оңалту орталығында болып, мерекелік концертін ұсынды.

Ерекше классикалық кеш Наурыз онкүндігі аясында «15 наурыз – Қайырымдылық күніне» орай ұйымдастырылды. Саз әуені әуелеген концертке орталық қызметін алушы мүгедектігі бар азаматтар, ерекше балалар мен қызметкерлер қатысты.

Концертте В.А.Моцарттың, А.Вивальдидің танымал шығармалары, халық әндері мен заманауи композиторлар туындылары орындалды.

Ерекше классикалық кештің ем алушы көрермендеріміздің денсаулығына да пайдасы зор. Өйткені, бүгінгі медицина ғылымы сан ғасырдан бері бір нотасы өзгермеген классикалық туындылардың тыңдарманға ерекше көңіл күй, жан дүниесіне тыныштық сыйлайтынын дәлелдеп отыр. Концерт соңында мекеме басшылығы ем алушылар атынан ризашылықтарын білдіріп, рахмет айтты.

Классикалық музыка – ешқашан мәнін және тыңдарманын жоғалтпайтын бірден-бір өнер саласы. Әсіресе, симфониялық туындылар адам денсаулығына пайдасын тигізеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: