Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұрмағамбет ауылының әкімі сайланды

04.03.2025, 17:15 38

“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Дауылкөл ауылдық округі әкімінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 2025 жылдың 2 наурызында өткізілген сайлау қорытындысымен Дауылкөл ауылдық округінің әкімі лауазымына Зайыров Сабырхан Дүйсенбайұлы сайланды.

Сабырхан Дүйсенбайұлы 1993 жылы Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылында дүниеге келген. 2016 жылы «Қорқыт ата» атындағы Қызылорда» мемлекеттік университетін бітірген.

Алғаш еңбек жолын 2015 жылы «Шапағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бұрғылаушының көмекшісі болып бастаған. 2017-2023 жылдары аралығында Қармақшы аудандық ауылшаруашылығы бөлімінде статист және бас маман қызметтерін атқарған.

2023 жылдың 25 қыркүйегінен бастап бүгінге дейін аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің ауылшаруашылығы секторының меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып келді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: