Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қармақшы ауданы, Дауылкөл ауылдық округ әкімі сайлауы өтуде

02.03.2025, 14:22 171

Бүгін Қармақшы ауданының Дауылкөл ауылдық округінде ауыл әкімін сайлау өткізілуде. Бұл саяси науқан жергілікті тұрғындардың ауылдық округтің дамуына белсенді қатысуына және өңір басшылығын таңдауда азаматтық ұстанымдарын білдіруге мүмкіндік береді.

№109 сайлау учаскесінде 975 сайлаушы тіркелген. Дауыс беру таңғы сағат 07:00-де басталып, кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Сайлау үдерісінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында әр кандидаттың сенімді өкілдері және тәуелсіз байқаушылар дауыс беру барысын қадағалауда.

Азаматтардың сайлауға қатысу белсенділігі жоғары. Өз таңдауын алғаш болып жасаған сайлаушы, ең қарт және ең жас дауыс берушілерге, сондай-ақ сайлаудың ерекше қатысушыларына арнайы сыйлықтар табысталуда. Бұл шара сайлау мәдениетін қалыптастырып, халықтың азаматтық белсенділігін ынталандыруға бағытталған.

Сайлау күні ауылдық округте ұлттық мәдениетті дәріптеу мақсатында бірқатар мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда. Жыршы-жыраулар шеруі өткізіліп, дәстүрлі өнер шеберлері өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, әжелер ансамблі халық әндерін орындап, ауыл жұртшылығына мерекелік көңіл-күй сыйлауда.

Сайлау барысы заң талаптарына сай жүргізіліп, дауыс беру үдерісі тұрақты бақылауда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: