Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

1 наурыз – Алғыс айту күні

01.03.2025, 7:59 142

Көктемнің алғашқы күні ­– 1 наурызда Қазақстан халқы Алғыс айту күнін атап өтеді, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл мереке тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай халқына деген терең тағзымның белгісі.

Алғыс айту күні түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев бұл мереке қиын-қыстау замандарда мейірімділік пен жанашырлық таныта білген әрі бірлігін бекем еткен халқымыздың ізгі қасиеттерін жадымызда жаңғыртатынын айтқан.

2016 жылдан бері елімізде тойланатын бұл мерекені биыл қазақстандықтар тоғызыншы жыл қатарынан атап өтіп жатыр.

Айта кетерлігі, биыл Алғыс айту күнін мерекелеу тағы бір маңызды оқиғамен – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралардың басталуымен есте қалмақ. Мерейлі датаға орай Астанада ондаған түрлі спорттық, мәдени және танымдық іс-шаралар өтеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: