Ерсайын Нағаспаев Қазақстан өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорда хабарламасында.
Бұған дейін ол «ҚТЖ «ҰК»АҚ-да жаңа жобалар бойынша басқарушы директордың міндетін атқарушы қызметінде болған.
ҚТЖ ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Ерсайын Нағаспаев Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.
Ерсайын Қайырғазыұлы әр жылдары «Ақтау халықаралық сауда порты» РМК-да, Қазақстан премьер-министрінің кеңсесінде және «Новострой Астана» ЖШС-де басшылық лауазымдар атқарды. 2021 жылдың сәуір айынан бастап Басқарушы «ҚТЖ «ҰК» АҚ қамтамасыз ету жөніндегі директоры қызметін атқарған.
Коллаж: qaz.ulysmedia.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!