Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалықтарға ХҚКО-лар арқылы 500 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді

11.02.2025, 13:55 90

2024 жылы халыққа қызмет көрсету орталығы мен мамандандырылған ХҚКО арқылы 500 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді. Сондай-ақ қазақстандықтар 548 мыңнан астам қызметті Сonnection point өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы алған.

Айта кетсек, ХҚКО арқылы шамамен 335 мың қызмет, МХҚКО арқылы 135 мыңнан астам қызмет көрсетілген. Атап өткенде, алғашқы үштікке келесі мемлекеттік қызметтер кірді: көлік құралдарын тіркеу, жеке куәліктер мен төлқұжат алу, ЭЦҚ алу мен оны қайтарып алу. Ең көп өтінімдер саны Алматы, Астана, Шымкент және Түркістан облыстарында тіркелді.

«Мемлекеттік корпорация әрдайым тұтынушылардың жайлылығы мен ыңғайлылығына басымдық береді. Біз өз қызметтерімізді қолжетімді және ыңғайлы ету үшін оларды үнемі дамытып, жетілдіріп отырамыз. Біздің мақсатымыз – барлық процестердің ашық әрі қауіпсіз екеніне кепілдік беру арқылы әрбір адамға қызмет алу мүмкіндігін қамтамасыз ету», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорация Басқарма Төрағасының орынбасары Айбат Ілиясов.

Мемлекеттік корпорация азаматтарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған инновациялық шешімдерді тұрақты негізде енгізуде. Мәселен, «ХҚКО» мобильді қосымшасының функционалдығы айтарлықтай кеңейтілді. Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталықтарында және мамандандырылған ХҚКО-ларда дербес менеджерлер практикасы енгізілді, бұл жеке жұмыс істеудің деңгейін арттырып, қызметтерді алу процесін жақсартады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: