Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалы ауданында ауыс-түйіс болды

07.02.2025, 15:05 127

HALYQLINE.KZ

Қазалы ауданының әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен өткен мәжілісте жаңадан тағайындалған аудан әкімінің орынбасарлары таныстырылды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бірыңғай конкурстық комиссияның қорытындысы негізінде, Қазалы ауданы әкімінің өкімімен Әбсұлтанов Мұрат Байғабылұлы Қазалы ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Мұрат Байғабылұлы 1986 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Білім жоғары. 2008 жылы Көлік, көлік техникасы және технологиясы және 2014 жылы «Экономика» мамандықтарын меңгерген.

Еңбек жолын 2009 жылы Қазалы аудандық №5 кәсіптік лицейдің мұғалімі болып бастаған. 2013-2019 жылдары аралығында Қазалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, басшысының орынбасары, 2019-2024 жылдар аралығында Қазалы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы, Қазалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы және Әйтеке би кенті әкімі қызметін атқарған.

2024 жылдың мамыр айынан бастап Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымын абыроймен атқарып келді.

Сонымен қатар аудан әкімінің өкімімен аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Алиев Жәнібек Алмасұлы – аудан әкімінің орынбасары лауазымын атқаратын болады.

Жәнібек Алмасұлы 1981 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының түлегі.

Еңбек жолын 2004 жылы Салық салу мемлекеттік мекемесінің маманы болып бастаған. 2009-2012 жылдары Майлыбас ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы, аудандық қаржы бөлімінің бас маманы.

2012-2024 жылдары аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің бас маманы, бас инспекторы, бөлім басшысы болған.

2024 жылдың шілде айынан бастап Қазалы ауданының қоғамдық даму бөлімінің басшысы лауазымын абыроймен атқарып келеді.

Мәжілісте аудан басшысы кадрлық өзгерістерге сәйкес аудан әкімі орынбасарларының міндеттер бөлінісі қайта бекітілгенін айтты.

Аудан әкімінің орынбасары Сүйеубаев Жалғас Оңғарұлы құрылыс, сәулет және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары, ветеринария салаларына жетекшілік етеді. Сонымен қатар, төтенше жағдайларды жою, жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс жұмыстарын үйлестіру, агроөнеркәсіп кешенін дамытуда мемлекеттік қолдау шараларын жүргізеді.

Аудан әкімінің орынбасары Алиев Жәнібек Алмасұлы денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, қоғамдық даму, мәдениет, дене шынықтыру және спорт, туризмді дамыту, білім және жастар ісі мәселелеріне жетекшілік жасайтын болады. Бұдан бөлек, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, халықты жұмыспен қамтуды ұйымдастыру және аудандық сот, құқық қорғау органдарымен, әскери басқару және әскери құрылым органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.

Ал, аудан әкімінің орынбасары Әбсұлтанов Мұрат Байғабылұлы экономика және қаржы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларына жетекшілік етіп, мемлекеттік кірістер, статистика және қазынашылық басқармаларымен жұмыс істеу, аудандағы мемлекеттік сатып алу саясатын жүргізетін болады.

Аудан басшысы жаңадан тағайындалған орынбасарларды құттықтап, жаңа қызметтеріне сәттілік тіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: