ІХ Қысқы Азия ойындарының 5 ақпандағы жарыс күнінің нәтижесі белгілі болды, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Кёрлинг:
Бүгін Керлингтен аралас жұптық бәсекеден жерлестеріміз топтық кезеңдегі алғашқы ұпайларын еншіледі. Катар 4:7 Қазақстан. Бұл – қазақстандық спортшылардың турнирдегі алғашқы жеңісі. Бұған дейін олар Оңтүстік Корея мен Қытай командаларына жол берген еді.
Шайбалы хоккей (ерлер):
Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан XI қысқы Азия ойындарындағы кезекті матчта Қытай құрамасымен кездесті. Нәтижесінде отандастарымыз қарсыластарын 6:1 есебімен ұтты.
Қазақстан 6:1 Қытай.
Айта кетсек, XI қысқы Азия ойындары Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатыр. Бүгін 6 ақпанда біздің спортшылар кёрлинг және шайбалы хоккейден бақ сынайды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!