Ертеңнен бастап заманауи спутниктік технологиялар арқылы пойыздарда интернет қосылатын болды. Бұл қызмет әзірге тек №3/4 «Астана-Алматы» пойызында қолжетімді болады, деп хабарлады halyqline.kz тілшісі Syrboyi.kz.сайтына сілтеме жасап.
«Пилоттық жоба шеңберінде енді жолаушыларға сапар барысында WhatsApp, YouTube секілді қосымшаларды еркін пайдалануға және видео көруге мүмкіндік береді. Алайда файлдарды жүктеу сайттарына шектеу қойылады», – деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, билетті жылдам тексеруге арналған жолсеріктердің мобильді құрылғысы, вагондағы жағдайды бақылау үшін бейнебақылау жүйесі сынды бірқатар заманауи технологияны сынақтан өткізу көзделіп отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!