2024 жылы мемлекеттік сатып алу веб-порталында 1158 тапсырыс берушімен 117036 сатып алу жоспарланып, жүзеге асырылған. Сондай-ақ басқармамен жарияланған конкурстар саны 2023 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда немесе 6 пайызға ұлғайды. Жарияланған 5603 конкурстың 1860-ы тауарларға, 1349-ы жұмыстарға, 2394-і көрсетілетін қызметтерге тиесілі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялық қызметінің ақпарат алаңында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Бауыржан Шаменов мәлімдеді.
– 2024 жылы расында да көрсеткіштер бойынша өзгерістер бар. Ішкі мемлекеттік аудит органдарымен конкурстар қорытындыларына келтірілген камералдық хабарламалар көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 77 пайызға төмендеді. Сонымен бірге, әлеуетті өнім берушілермен конкурс қорытындыларына берілген шағымдар өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға төмендеді. Өз кезегінде, мемлекеттік сатып алу саласында әкімшілік құқықбұзушылықтар көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 17 пайызға азайған. Ал әкімшілік айыппұл көлемі 41 пайызға төмендеді, – деді Бауыржан Серікұлы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!