Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мүше туралы вебинар

10.01.2025, 11:05 60

HALYQLINE.KZ

Бүгінгі  сатира

Пәтер қожайынының әйелі екіқабат әйеліме кезекті вебинарын өткізіп отыр.

– Әйел адам жүкті болған күннен бастап, үнемі ыржиып жүру керек. Көңілді бол дегенім ғой. Сонда, іштегі бала да көңілденіп, дені сау болады. Жүктілік деген ұрықтанудан басталады.

– Білемін ғой, әпке.

– «Уақытым өтсін» деп айтып отырмын. Ұрықтанғаннан кейін, зиготаның бөлшектенуі демек, бластомерлер пайда болады.

– Бластомерлер деген не?

– Соны өзім де білмеймін. «Инстадағы» вебинарымды көрдің бе?

– Дәрігер болып жұмыс істегенсіз бе? – деп сұрады әйелім.

– Мединституттың үшінші курсынан тастап кеттім, байға тиіп, балаларды бытырлатып туамын деп. Ия, бластомерден кейін. Ұрық морула түзіледі.

– Морула деген не?

– Соны өзім де білмеймін. Сессия кезінде жаттап алғаным ғой, әлі есімнен шықпайды. Бөлшектену кезінде ұрық жатыр түтігінен жатыр қуысына қарай жаяу тартады. Сөйтіп, бластоцистаға айналады.

– Бластоциста деген не?

– Қайдай білейін? Тыныш отыршы? – деп Алтынай ұрысып берді.

Бибігүл ернін жымқырып, жым болды.

– Адам ұрығының амнион және хорион деген қабықтары болады. Жеті тәулік демалған соң, ұрық жатырдың шырышты қабығына өтеді. Мұны имплантация дейді.

– Әпке, миым ашып кетті. Имплантация деген немене?

– Тө-өу, туатын тауық сияқты қақылдап қоймайды екенсің? Мен қайдан білейін? Бізді солай оқытты. Бірінші курста. Дұрыс тамақтанып жүр. Арақ ішпе, темекі шекпе, білегіңе героин айдама, пойыздың үстінен секіре берме, жақпайтын бірдеңе жеп, кекіре берме, насыбай атпа, етпетіңнен жатпа, «қашан туам?» деп бордай үгілме, шешең келе жатса, тасыраңдап, жүгірме, кісі болып, таси берме, қарныңды тыр-тыр қаси берме, қимыл керек, қимыл, соны байқап жүр, ішіңді былай, шайқап жүр, жеріксің бе?

– Сиырдың тіліне жерік болғанмын. Өтіп кетті ғой.

– Маймылдың тіліне жерік болмағаныңа шүкір. Тыңда, жеріктің екі түрі бар. Ерте жеріктік, сосын, соңғы жеріктік деп аталады. Ерте токсикоз әйел организміндегі зат алмасу процесінің өзгеруінен пайда болады. Кеш жеріктік гестоз деп аталады. Бұл оңбаған гестоз жүктілікті қиындатып, ана мен балаға қауіп төндіріп жатады. Сен инстадағы менің еркек мүшесін қалай «честь беруі» туралы вебинарымды көрдің бе?

Ол әйелімнің басына ұзын қиярмен салып қалды.

Әйелім ұялғанынан, есік алдындағы кішкентай тесікке кіріп бара жатты. Артынан, мен де кіріп кеттім…

Мұхтар  ШЕРІМ,

Шымкент  қаласы

Фото: papik.pro

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: