Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыстық Экология департаментінің басшысы қамауға алынды

09.01.2025, 8:30 103

HALYQLINE.KZ

Шенеунік экология саласындағы рұқсат құжаттарын бергені үшін кәсіпкерден 2,5 млн теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

2025 жылдың 6 қаңтарында Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен облыстық экология департаментінің басшысы ұсталды, деп хабарлайды  nbusiness.kz сайты Антикорға сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 8 қаңтарында ол соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, басқа адамдардың қатыстылығы тексерілуде.

Айта кету керек, 2024 жылдың 26 тамызында күдікті бизнесті қорғау жобасы аясында кәсіпкерлік қызметке араласқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Ол кәсіпкерге қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы тоқсан сайынғы есеп беру туралы заңсыз талаптар қойған.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: