Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Архив қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

20.12.2024, 16:20 42

HALYQLINE.KZ

Бүгін Сырдария ауданы әкімі Берік Сәрменбаев архив қызметкерлерін қабылдап, кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

– Архив – тарихи шежіре қоймасы ғана емес, әр ұлттың даму жолын, болмысын, арман-тілегін, ақыл-ойын сақтайтын киелі орын. Бүгінгі таңда елімізде 223 мемлекеттік архив мекемесі бар және онда 3000-нан астам адам жұмыс істейді. Архив саласын дамытуда Сыр өңірінде үлкен қолдаулар бар. Атап айтқанда, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібавтың қолдауымен барлық ауданда «Руханият» орталықтары салынуда. Тереңөзек кентінде де «Руханият» орталығының құрылысы қарқынды жүргізіліп, келер жылдың басында пайдалануға беру жоспарлануда. Аталған ғимараттың ішінде аудандық архив орналастынын атап өткен жөн. Бүгінде аудандық архивте 40 мыңға жуық құжат сақтаулы. Бұл құжаттар аудан тарихынан сыр шертеді. Бұл жұмыстарды 7 архив қызметкері атқарып келеді. Сіздердің атқарған әрбір жұмыстарыңыз ауданның тарихы мен дамуына қосқан зор үлес деп санаймын және шынайы алғысымды білдіремін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Аудан әкімі архив қызметкерлерінің ұжымдық еңбегін бағалап, «Алғыс хатпен» марапаттады.

Мерекелік қабылдауда аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетов, сала ардагері Ұлмекен Жанәлиева сөз сөйлеп, лебіздерін білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: