Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бейнебақылаудың көмегімен 126 қылмыс ашылды

13.11.2024, 15:30 102

HALYQLINE.KZ

Бейнекамералардың полиция жұмысы тиімділігінің артуына және қылмыстың жедел ашылуына тиер көмегі зор. Мәселен, жыл басынан Қызылорда облысы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен 126 қылмыс ашылды. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

«102» мобильді қосымшасына 25 хабарлама келіп түсіп, олардың барлығына тиісті қызмет көрсетілді. Бейнебақылаушылар азаматтардан түскен хабарламаларды қабылдау және өңдеу барысында аймақтағы ахуалды қадағалап, құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау және алдын алу бағытында қызмет атқарады.

Жыл басынан бері бейнебақылау камераларымен 44 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, оның ішінде 36 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері анықталды.

«Мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру мақсатында бейнебақылаушы инспекторлар 3 мыңнан астам ұсақ бұзақылық деректерін, қоғамдық орындарға масаң күйде келудің 2 мыңнан астам дерегін, қоғамдық орындарда тиісудің 300 дерегін, бұдан бөлек 2026 басқа да құқықбұзушылықты анықтады. Күнделікті полиция кешенді күштерімен бірлесіп жыл басынан 11931 азамат тексеріліп, 79 суық қару анықталды.

Сондай-ақ, адам көп шоғырланатын орындарға орнатылған «SOS» дабыл түймесіне 15 хабарлама түсті. Айта кетерлігі, облыс орталығындағы азаматтар көп шоғырланатын орындарда «102» «SOS» дабыл батырмасының 15 құрылғысы орнатылған. «SOS» түймесін басу арқылы тәулік бойы Жедел басқару орталығына видео арқылы қоңыраулар келіп түседі. Құрылғылардың орналасуы бейнебақылаумен жабдықталған, қиын жағдайда бұл кезекші бөлімнің қызметкеріне жағдайды өз бетінше бағалауға мүмкіндік береді.

Көрнекі сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: