Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Президент Каспий теңізінің тағдырына алаңдаушылық білдірді

13.11.2024, 10:15 160

Су мәселесіне әлем назарын аудару үшін еліміз жыл соңында Франциямен бірігіп саммит өткізбек.

ҚР Президенті Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде сөйлеген сөзінде Арал теңізімен қатар, Каспий теңізіне төнген қауіп туралы айтты.

Мемлекет басшысы дүниежүзіндегі су ресурстарына қатысты мәселеге тоқталды. Оның айтуынша, жаһандағы табиғи апаттардың 80 пайызы суға қатысты.

– Климаттың өзгеруі жаһандық су цикліне әсер етіп отыр. Әлемдегі табиғат апаттарының 80 пайыздан астамы су төңірегінде болады. Биыл біздің еліміз бұрын-соңды болмаған алапат су тасқынымен бетпе-бет келді. Келешекте осындай төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етіп, одан кейінгі қайта қалпына келтіру жұмыстарын тез атқару үшін қауіп-қатерді басқарудың кешенді жүйесін енгіземіз. Су мәселесіне жаһан назарын аудару мақсатында биыл желтоқсан айында Франциямен бірлесіп One Water саммитін өткіземіз. Форумға қатысушылар су ресурстарын жаһандық деңгейде басқару мәселелерін талқылайды, – деді Президент.

Сөз арасында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз Арал теңізін құтқару үшін барлық іс-әрекетті жасап жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, Каспий теңізінің тағдырына алаңдаушылығын білдірді.

– Бүгінде Каспий теңізіне қауіп төніп тұр. Әлемдегі ең үлкен көлді құтқару – баршаға ортақ міндет әрі бұл ұзақмерзімді халықаралық ынтымақтастықты талап етеді. Осы орайда Президент Ильхам Әлиевтің Каспий маңы мемлекеттерінің сарапшылар тобын құру туралы ұсынысын қолдаймыз. Сонымен қатар, Қазақстан Арал теңізін құтқару үшін нақты шаралар қабылдап жатыр, – деп сөзін түйіндеді Мемлекет басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: