Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жабысып қалыпты!

12.11.2024, 9:55 288

HALYQLINE.KZ

Бүгінгі сатира

Жүрмейді оған бұйрығым,

Масқара-а,

Жабысып қалыпты, құйрығым!

Тұрайын десем,

Тұра алмаймын,

Масқара-а,

Өзімді «ұрайын» десем,

Ұра алмаймын…

Керек десеңіз,

Мойнымды бұра алмаймын..

Сөйтсем, құйрығым,

Жүрмейді оған бұйрығым,

Екі қайтара,

Есігін ашып, айқара,

8 жыл депутат болыппын,

Ұйықтап жүрсем де,

Ойнап, күлсем де,

Кабинетімде қоныппын…

Отыра, отыра беріп,

Креслоны керіп,

Ақырында,

Құйрық майым еріп,

Жабысып қалыпты,

Тұруға жоқ ерік,

Қабысып қалыпты…

Сөкпеңіз мені бекерге,

Мәжілістен кетерде,

Шалбарымды шешіп кеттім,

Жабысқан құйрығымды,

Қиқалап кесіп кеттім,

Түк бітірмесем де,

«Ойхой дәурен!» теңізін,

Сирағымнан кешіп кеттім,

Депутат бір досымның,

Миын езіп кеттім!

Қысқасы, ұйқыбас атанып,

Ақырында, безіп кеттім!

Мұхтар  ШЕРІМ

Карикатура: Ғалым Смағұлұлы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: