Аймақ тұрғындарын орталықтандырылған ауызсумен қамту үлесі 98,4 пайызды құрайды. Облыс аумағында 4 қала және 230 ауылдық елді мекен бар. Барлық қала 100 пайыз ауыз сумен қамтылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында айтылды. Жыл басынан атқарылған жұмыстарын баяндаған облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин 26 елді мекенді 2025 жылдың соңына дейін сапалы ауызсумен қамту мақсатында жол картасы әзірленгенін айтты.
– Жол картасы аясында 5 елді мекен топтық су құбырына қосылып, 4 елді мекенге су тұщытқыш орнатылады. 3 елді мекенде ішкі су жүйесінің құрылысы жоспарланған. Биылға жоспарланған жобалар бойынша барлығы 88 шақырым ауызсу және 23 шақырым су бұру желілеріне жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Келесі жылы 28 жобаны іске асыру жоспарлануда, – деді басқарма басшысы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!