Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жан жадыратқан жәрмеңке!

12.10.2024, 21:45 137

Бүгін «Алтын күз-2024» шарасы аясында Қызылорда қаласында барлық аудандардың қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Ала жаздай ризық-несібесін жерден терген Сыр диқандарының 1000 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері халыққа ұсынылды.

Атап айтқанда, 200 тоннадан астам күріш, 25тонна ет және 40 тоннадай балық өнімдері, 200 тонна картоп, 70 тонна сәбіз, 120тонна пияз, 150 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидектер, 250 тонна бақша өнімдері, 10 тоннадай сүт өнімдері, 10 тоннаға жуық бакалея және кондитер өнімдері және 200 бас тоқты және 40тонна жем-шөп тауарлары жеткізілді.

Сыр өңірінің ауыл шаруашылығы саласында жыл сайын толағай табыстарға қол жеткізіліп келеді.

Биылғы жылы өңірде 189,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Сырдың ақ күріші 85,6 мың гектарды құрады. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында биылғы жылы диханшы қауымға су қажетті деңгейде жеткізілді. Шаруашылықтар егін жинау жұмыстарына қажетті ауыл шаруашылығы техникалармен, жанар-жағармаймен, минералды тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілді.

Сыр өңірінің диқандары күзге толағай табыспен жетті. Облыс күрішшілері 500 мың тоннаға жуық өнімді қамбаға құйып, күріштің әр гектарынан 58 центнерден өнім алды. Бүгінгі күні күріштен басқа дәнді дақылдардан – 18,5 мың тонна, майлы дақылдар – 4,9 мың тонна, картоп, көкөніс,бақшадан – 352,7 мың тонна мал азықтық дақылдары – 327 мың тонна өнім жиналды.

Аймақта егіншілікпен қатар, мал шаруашылығы да қатар дамып келеді. Есепті кезеңде мал басын былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда МІҚ-36,6%-ға, қой мен ешкі -22,3%-ға, жылқы 0,1%-ға түйе -4,3%-ға, құс 7,7%-ға өсті. Сонымен қатар, аймақта экспорттық әлеуетін арттыру және өткізу нарықтарын кеңейту бойынша нақты жұмыстар жүргізіліп келеді.

Бүгінгі күнге облыстан 20 млн. доллардықұрайтын 36,9 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 16 мемлекетіне экспортталды. Инвестжобалардың жол картасына сәйкес, аймақта алдағы жылдары 64 млрд теңгені құрайтын 34 жоба іске аспақ. Бүгінде 7инвестжоба өз нәтижесін беруде.

Президент тапсырмасы аясында ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған жеңілдетілген 2,5 пайызбен несие беретін «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырылуда. Биыл республикалық бюджеттен 4,6 млрд теңге бөлініп, 575 жобаны қаржыландыру жоспарлануда. Бүгінгі күнге 61жобаға 434,6 млн теңге несие берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: