Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлытау облысының әкімі тағайындалды

09.10.2024, 10:05 131

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.

Үкіметтің ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, Дастан Рыспеков 1984 жылы Жезқазған қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және ҚазМЗУ Алматы заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің болжамдау және түсімдер бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.

2007-2016 жылдары Алматы қаласында Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясында, Астана қаласы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

Кейін Павлодар облысы Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры, Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.

2023 жылдың тамызында Ұлытау облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: